Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » БІЗДІҢ АДАМДАР: Петропавл тұрғыны жас гимнастарға ерекше костюмдер әзірлейді

БІЗДІҢ АДАМДАР: Петропавл тұрғыны жас гимнастарға ерекше костюмдер әзірлейді

Облыс орталығының тұрғыны Анна Смирнова жеті жылдың көлемінде жас гимнастарға арналған костюмдерді әзірлеп келеді. Оның туындыларын киген спортшылар республикалық және халықаралық чемпионаттарда өнер көрсетеді. Сондай-ақ, шебер киім бояумен де айналысады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Анна Смирнова 39 жаста. Ол Петропавлда тұрады, екі бала тәрбиелеп отыр. Бұрын ештеңе тікпепті, тек көпшілік сияқты мектеп қабырғасында алжапқыш пен юбка тіккен екен. Алайда, бойында ерекше нәрсе жасауға қызығушылық әрқашан болған. Қолөнерші қызы көркем гимнастика жарыстарына дайындалып жатқан кезде өзін тігін ісінде сынып көргісі келген.

“Бізге купальник берілді, маған бірден ұнамады және өте қымбат болды. Оны өзім тігіп көруге шешім қабылдадым. Машинаны сатып алып, тігуді бастадым. Түнде тігуге тура келді. Өйткені балам кішкентай болды. Бастапқыда YouTube-те, ақпараты бар сайттарда видеолар көрдім”, – деді Анна.

Купальник жарысқа дайын болды. Ал Аннаның қызы бірінші орын иеленді.

“Сол кезде мен сезінген нәрсені сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қуаныш, шаттық, жеткізілмейтін сезім. Қызым бірінші орын иеленді, демек менің жұмысым да қазылардың көңілінен шықты. Осыдан кейін тағы тігуге шешім қабылдадым”, – деп бөлісті қолөнерші.

Алдымен шебер өзінің қызына спорттық киім тікті. Кейінірек балалары көркем гимнастика секциясына қатысқан таныстардан жеке тапсырыстар түсе бастады. Осыдан кейін Анна Смирнова кәсіби деңгейде тігу үшін оқу курсын сатып алды. Қазір ол Петропавл тұрғындарынан тапсырыс алып қана қоймай, өз өнімдерін Қазақстан, Ресей, сондай-ақ Германияның қалаларына жөнелтеді.

Негізінен купальниктер 3-4 жас аралығындағы жас спортшыларға арналған, бірақ ересек гимнастарға да тапсырыс түседі. Анна купальниктерін жоғары сапалы матадан тігеді, бұл қозғалыс кезінде кедерді тудырмайды.

“Қазір сатылымда купальниктер бар, олардың құны 45 000 теңгеден басталады. Ал тапсырыс беретін жұмыстардың материалы қымбат, тиісінше 80 000 теңгеден басталады. Дизайнға келетін болсақ, клиент хабарласқан кезде интернеттен бірнеше кескінді таңдайды. Соның негізінде мен өз туындымды өмірге әкелемін. Мен бір-екі күнде тіге аламын, кейде бөлшектердің өзі төрт күн уақытты алады. Мен әрқашан үлкен белгілерді қосуға тырысамын, сонысымен купальник жарқырай түседі. Бұл таңдауым көпшіліктің көңілінен шығып жатады”, – деді Анна Смирнова.

Анна сурет салу өнерін де өзі үйренді. Ол пандемия кезінде маскалар тігіп, оларды ринстондармен және кескіндемемен безендірген. 

Анна өз күшін сынап көруге құштар. Ол белгілі бір бағытта тәжірибе болмаса да, тер төгуді өмірлік міндетіне айналдыра бастағандай.

Shares