Ғауез Нұрмұхамбетов Үкімет сағатында облыстағы жағдайды жақсартатын ұсыныстармен бөлісті
February 21, 2024 09:50

Сенатта өткен Үкімет сағатында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі демографиялық жағдайды жақсарту және өзекті мәселелерді шешу бойынша баяндама жасап, ұсыныстарды айтты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Атап айтқанда, келесілер ұсынылады:
- СҚО-да тұрақты тұратын жанұяларға жаңа туған және бала күтімінің біржолғы жәрдемақысын және көп балалы отбасыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2 есеге өсіру.
- еңбекпен қамтылған әрбір жұмыссызға 2 жыл бойы жұмыс берушілерге 30 АЕК субсидия төлеудің жаңа механизмін енгізу.
- ерікті қоныс аудару шеңберінде экономикалық ұтқырлық сертификатын 1625 АЕК-ке дейін ұлғайту.
- облысішілік қоныстандыру аясында «Еңбек» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерге көшуге құқығы бар тұлғалар санатын кеңейту, оларға экономикалық ұтқырлық куәліктерін беруді қамтамасыз ету
- аймақтық бағдарламаны «Отбасы Банкі» арқылы республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру

“Сондай-ақ облысымызды газдандырудың маңыздылығын да атап өттім. Жалпы, бұл шаралар солтүстікқазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартып, тұрғындардың кірісін көбейтіп, демографиялық ахуалға оң әсерін тигізеді”, – деп атап өтті Ғауез Нұрмұхамбетов.

