СҚО архивінде Еңбек ері Геннадий Зенченкоға арналған дөңгелек үстел өтті
Іс-шараға Қозыбаев университетінің оқытушылары мен студенттері шақырылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Геннадий Зенченко өз өмірін ауыл шаруашылығы саласына арнады, ел игілігі үшін жұмыс істеді, Қазақстанда және шетелде танымал бренд жасады.
“Біздің архивте Геннадий Ивановичтің шығу тегі туралы жеке қор бар. Іс-шара үшін әйгілі фермердің құжаттар көрмесін дайындадық, Геннадий Ивановичтің әкесіне қатысты құжат таптық. Бізге осындай адамның еңбек жолын көрсету аса маңызды”,- деді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.
Қатарының алды, озық шаруашылықтың басшысы еңбек жолын қарапайым механизатордан бастаған. Ол балға соғушы, темір ұстасы, жүргізуші болды. Еңбектен қорықпады және оны жұмысшыларынан талап етті. 2016 жылдың 18 желтоқсанында Геннадий Иванович өмірден өтті. Қазір Новоникольское ауылы ұлы мен немересінің басшылығымен дамып келеді.
“Атам әкемді мықты адам етіп өсірді, ол оған еңбек жолын біртіндеп және саналы түрде бастау дұрыс екенін ұғындырды. Атам кез-келген жұмыстан қорықпады, еңбекқор және жауапты адам болды”, – деді “Зенченко и К” коммандиттік серіктестігінің директоры Геннадий Зенченко.