Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда футзалдан Сүйіндік Бегалинді еске алуға арналған турнир өтуде

Петропавлда футзалдан Сүйіндік Бегалинді еске алуға арналған турнир өтуде

Петропавлда футзалдан 16-шы халықаралық турнир өтіп жатыр. Ол Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжінің директоры Сүйіндік Бегалинді еске алуға арналған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Ол колледжде, сондай-ақ біздің салада спортты дамытуға көп күш жұмсады. 22 ақпанда топтық ойындар өтеді. Үш командадан тұратын үш топ бар. Әр топтан бір команда шығады. 23 ақпанда 1-3 орындар үшін финалдық ойындар өтеді”, – деді Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжінің өкілі Алпамыс Мағауин.

Турнирге 9 команда қатысады, оның 2-еуі – Ресей Федерациясынан.

“Қазақстанға турнирге келдік. Мен мұнда екінші рет келіп отырмын. Турнир жайлы тек жақсы сөздер айтамыз. Мен мұнда қайта келгеніме өте қуаныштымын. Күн сайын жаттығып, комбинациялар әзірлеп, дайындалдық”, – деді Шадр политехникалық колледжінің студенті Евгений Боровых.

“Осы турнирге қатысу, өз күшімізді көрсету мақсатында келдік. Жеңіске жету – мақсатымыз. Қонақжайлылық үшін алғыс айтқым келеді, бізді жоғары деңгейде қабылдады. Өте жақсы. Барлық командаларға жақсы ойын тілеймін. Ең мықтысы жеңсін”, – деді Омбы педагогикалық колледжінің студенті.

Колледжде Сүйіндік Бегалин “Дене шынықтыру және спорт” мамандығын ашты. Турнирдің ашылуына оның туыстары, достары мен әріптестері қатысты. Жарыс екі күнге созылады. Жеңімпаздар түрлі дәрежелі дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. “Үздік қақпашы”, “Үздік шабуылшы”, “Үздік қорғаушы” және “Үздік жаттықтырушы”номинациялары бойынша жүлделер де табысталады.

Shares