Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Серік Мұхамедиев: “Орынсыздыққа байланысты 18 қабаттан жоғары үйлер салмау жөнінде шешім қабылданды”

Серік Мұхамедиев: “Орынсыздыққа байланысты 18 қабаттан жоғары үйлер салмау жөнінде шешім қабылданды”

Облыс орталығында құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Қазір қалада 11 бюджеттік және 14 коммерциялық үй салынуда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қала басшысы атап өткендей, осы аптада қала құрылысы кеңесі өткізілді. Жиында жоғары сапа стандартына және нарықтың заманауи талаптарына сәйкес келетін коммерциялық тұрғын үй құрылысына қойылатын талаптар бекітілді.

“Коммерциялық үйлердегі шаршы метрдің құны 310-нан 450 мыңға дейін өзгеретінін ескерсек, шарттар да берілген сомаға толық сәйкес келуі керек. Яғни, үйлер заманауи стильде, сапалы құрылыс материалдарынан салынуы тиіс, төбелердің биіктігі кемінде 3 метр, үй маңында жеткілікті автотұрақ және заманауи әрі сапалы аумақ болуы қажет.  Егер бізде 4-сыныпты бюджеттік үйлер салынып жатса, онда коммерциялық тұрғын үй 3 және 2, яғни бизнес-класс болуы тиіс”, – деді Серік Мұхамедиев.

Қала басшысы 18 қабаттан жоғары үйлер тұрғызуға тыйым салу мәселесіне жеке тоқталды.

“Орынсыздыққа және өрт нормаларына сәйкес келмеуіне байланысты қаламызда 18 қабаттан жоғары үйлер тұрғызуға тыйым салу туралы шешім қабылданды. Қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына қойылатын жаңа талаптарды ескере отырып, қала құрылысы регламенттеріне сәйкес келмейтін құрылыс тоқтатылады. Қазіргі уақытта шаһарда осындай 36 учаске табылды. Біз бұрын заңнаманы бұза отырып берілген осы жерлерді алып қою тетігін пысықтап жатырмыз. Сондықтан, әлеуетті инвесторларды Қопай шағын ауданындағы жаңарту бағдарламасына қатысуға шақырамын. Бұл аудан қала орталығында орналасқан, қазірдің өзінде барлық қажетті коммуникациялармен жабдықталған жобалар бар. Кәсіпкерлерге бизнесті дамыту үшін де барлық жағдай жасалған деп айта аламын”, – деді қала әкімі.

Shares