Еріктілер коммуналдық қызмет өкілдеріне қамқорлық жасауды жалғастыруда
Облыс орталығының еріктілері Петропавлдың басты алаңына шығып, коммуналдық шаруашылық қызметкерлеріне дәмді кондитерлік өнімдер мен ыстық шай ұсынды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Игі акцияға облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы “Күміс еріктілер” ұйымы қатысты. Бұл – 50 жастан асқан еріктілер.
“Қатты аязда қаламызды тазалап жатқан коммуналшыларды қолдауға шешім қабылдадық, олар шаһарды наурызға дайындап жатыр. Мамандардың еңбегін бағалау қажет деп санаймын”, – деді “күміс” волонтер, СҚО Ардагерлер кеңесінің мүшесі Сәуле Тахметова.
Бұл назар мен қамқорлықтың көрінісі кәсіпорын қызметкерлерін қуантты. Соңғы аптада олар қиын ауа-райында жұмыс істеуде. Түнде сынап бағанасы 30 градустан төмен түседі.