СҚО-да былтыр 15 адам туберкулезден қайтыс болды
Облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары өңірдегі туберкулез бойынша жағдайды салыстырмалы түрде тұрақты деп бағалайды. Алайда, дәрігерлер екі жыл қатарынан аурудың аз да болсын өсуін тіркеп отыр, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“2023 жылы 12 айдың қорытындысы бойынша сырқаттанушылық көрсеткіші 3,8%-ға өсті. Бұл №1 емханаға, Тимирязев, Мамлют, М. Жұмабаев, Шал ақын, Жамбыл аудандарына қатысты. Біз қазір ковид кезінде ауырып қалуы мүмкін адамдарды анықтап жатырмыз. Бұл – оң жұмыс. Уәлиханов, Ақжар, Қызылжар, Айыртау аудандарында және үшінші емханада науқастар анықталмады. Бұл анықтау көрсеткіштерінің күрт төмендегенін көрсетеді. Өткен жылы туберкулезден 15 адам қайтыс болды”, – деді облыстық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Раиса Құсайынова.
Облыста өткен жылы туберкулезбен ауыратын 216 адам тіркелген. 17 жасқа дейінгі 11 бала науқас атанған. 2022 жылы мұндай факті 10 құрапты.
“Науқас балалар – Петропавл қаласынан, М. Жұмабаев және Айыртау ауданынан. Бізде 2023 жылы балалар арасында көз және омыртқа туберкулезінің 2 жағдайы анықталды. 4791 бала БЦЖ вакцинасын алды. Ата-аналар 11 бас тартуға қол қойды, олар негізінен облыс орталығында тұрады. Манту сынамасынан кейін 92 балаға профилактикалық ем тағайындалды. Ата-аналар одан 30 бас тартуға қол қойды”, – деді штаттан тыс облыстық фтизиопедиатр Гүлмира Жармағамбетова.
Пациенттердің негізгі ағымы жоғары қауіпті топтардан келеді, дейді дәрігерлер. Бұл туберкулез инфекциясы ошақтарынан, диспансерлік есепте тұрған, өкпенің созылмалы аурулары, қант диабеті бар адамдар, алкоголизмнен, нашақорлықтан зардап шегетін адамдар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, кез келген этиологияның өкпесінде қалдық өзгерістері бар адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар.
“Бізде бұл жоғары тәуекел тобы 37 мыңнан астам адамды құрады. Тексеру 100% орындалды. Біз осы топтан туберкулезбен ауыратын 94 адамды анықтадық. Анықтау көрсеткіші 2,5% құрады”, – деді облыстық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Раиса Құсайынова.
Биыл СҚО-да 24 адам туберкулезбен ауырып қалған. 24 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында осы аурумен күрес айлығы басталады.