Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » “Игі істер марафоны” акциясы аясында 80-ге жуық отбасы материалдық қолдау алды

“Игі істер марафоны” акциясы аясында 80-ге жуық отбасы материалдық қолдау алды

Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығы “Көмек жақын” еріктілер қозғалысымен бірлесіп, жылдың басында “Игі істер марафоны” акциясын бастаған еді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Акцияның мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға көмектесу. Біз азық-түлік, заттар және ойыншықтар жеткіземіз. Бүгін 5-тен астам көпбалалы отбасы қамтылды. “Көмек жақын” еріктілер қозғалысының екі қоймасы бар, адамдар қоймаларға барып та қажетті заттарды таңдайды”,- деді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының және “Көмек жақын” еріктілер қозғалысының жетекшісі Дамир Абдин.

Жақсы акцияның арқасында 80-ге жуық отбасы материалдық қолдау алды. “Игі істер марафоны” ақпан айының соңына дейін жалғасады.

“Менің бес балам бар, күйеуім жоқ, жалдамалы үйде тұрамыз, еден жуушы болып жұмыс істеймін. “Көмек жақын” еріктілер қозғалысы көбінесе азық-түлікпен көмектеседі. Бұл үйдегі жиһазды еріктілер әкелді, оған дейін бос тұрған еді. Еріктілер отын және көмірмен де көмектесті. Бұл – үлкен көмек”,- деді Петропавл тұрғыны Қарагөз Бағданова.

Shares