Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы жедел медициналық көмек көрсету орталығы перзентхана ғимаратына көшіріледі

Петропавлдағы жедел медициналық көмек көрсету орталығы перзентхана ғимаратына көшіріледі

Облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығы перинаталдық орталық ғимаратының бір бөлігін алмақ, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Маңызды ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты. Олар бұл шешім әлі заңды күшіне енбегенін де хабарлады.

“Ресми шешім заманауи облыстық аурухана салынған соң қабылданады. Онда облыстық перинаталдық орталық көшіріледі. Жаңа аурухана – денсаулық сақтау министрлігінің жобасы. Бүгінгі таңда жол картасы бар. Облыстық аурухананың құрылысы 2025 жылға дейін аяқталуы тиіс”, – деді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Нұржан Тағаниязов.

Облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығы перинаталдық орталықтағы акушерлік корпустың екі қабатын алмақ, ауданы шамамен 2,5 мың шаршы метр болады. Ал перинаталдық орталықтың сыртындағы аумақта 30-40 жедел жәрдем көлігіне арналған арнайы орын салынады.

“Облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының материалдық-техникалық базасын кеңейту және жақсарту мәселесі бірнеше жылдан бері қаралып келеді. Біз БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы жаңа алаңдар және жедел медициналық көмек көрсетудің заманауи мүмкіндіктері қажет екенін айттық. Бізге жедел медициналық көмек көрсету орталығын Береке ықшам ауданына көшіру бойынша бірнеше ұсыныс түсті, өзге де нұсқалар қаралды. Перинаталдық орталық бірден көңілден шықты, аталған орталық қаланың шетінде салынып жатқан көпсалалы ауруханаға көшіріледі. Перзентхана орталықта орналасқан. Бұл бүкіл қалаға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді”, – деді облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының директоры Юрий Белоног.

Қазір жедел медициналық көмек көрсету орталығында 25 көлік болса, соның 13-і үнемі далада тұрады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау мекемесінде дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған орындар мен оқу-жаттығу алаңдары тапшы.

Shares