Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда өткен республикалық семинарда Z ұрпағының балаларын тәрбиелеу мәселесі талқыланды

Петропавлда өткен республикалық семинарда Z ұрпағының балаларын тәрбиелеу мәселесі талқыланды

Оқушылар сарайында “Мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы: Z ұрпағын тәрбиелеу” атты республикалық семинар өтті. Ұйымдастырушылар – “Өрлеу” БАҰО филиалының мамандары, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Іс-шараға қатысушылар мен спикерлер Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, елордалық “Quantum STEM School” мектебі, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының ауылдық мектептері болды.

“Біз цифрлық ұрпақты оқытудағы мәселелерді талқылайтын боламыз. Қазіргі таңда балалардың зейіні жиі төмендейді. Практикалық бөлімде біздің спикерлер мен модераторлар қатысушыларға бірқатар жаттығулар мен тапсырмаларды сезінуге мүмкіндік беретін тренингтер ұсынады. Оларды кейін өз мектептерінде өткізе алады”, – деді “Өрлеу” БАҰО СҚО бойынша филиалының директоры Лейла Әлмағамбетова.

Семинар білім беру саласының 100-ден астам қызметкерін жинады. 

“Оқушылар қазір белсенді, өршіл, оларды сабаққа қызықтыра білу керек. Бұл тақырып бойынша білім артық болмайды. Семинар менің әріптестеріме жемісті жұмыс істеуге, өскелең ұрпақты тәрбиелеумен айналысуға көмектеседі”, – деді мектеп жанындағы интернаты бар №2 Кішкенекөл орта мектебінің педагогы Әлемгүл Баетова.

Shares