Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-ның бес ауданында электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

СҚО-ның бес ауданында электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

“Севказэнергосбыт” ЖШС-дан кейін электр энергиясы тарифін “Солтүстік ЭнергоОрталық” ЖШС да арттыруы мүмкін, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Монополист компания тиісті хабарламаны облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментіне жолдады. Өз кезегінде ведомство қоғамдық тыңдалым өткізуге бастамашы болды.

“Субъектінің жобасына сәйкес, тарифті 17%-ға, ал халық үшін 20%-ға арттыру көзделіп отыр. Энергиямен жабдықтаушы компания энергия көздері мен оны беруші ұйымдардың тарифтері өзгергенін біле отырып, өз құқығын пайдаланды және шығындарды болдырмау мақсатында аталған компания уәкілетті органға жүгінді”, – деді СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дамир Тоқтамысов.

“Солтүстік ЭнергоОрталық” ЖШС Солтүстік Қазақстан облысының 5 ауданында тұратын тұрғындарына қызмет көрсетеді. Бұл – Айыртау, Тайынша, Ақжар, Уәлиханов және Ғ. Мүсірепов ауданы.

“Қоғамдық тыңдалым – тарифтік саясатты қалыптастырудың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында хабарламаны қарау кезеңдерінің бірі. Өте жауапты жұмыс. Монополистерден ақпарат келіп түсуіне қарай біз талдау жүргізу бойынша жұмысты жалғастырамыз. Оның нәтижелері аясында шекті бағаны негізді деңгейге дейін көтеру туралы шешім қабылданады”, – деді СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дамир Тоқтамысов.

Бейінді департамент наурыз айының ортасында “Солтүстік ЭнергоОрталық” ЖШС тарапынан түскен өтінішке қатысты шешім қабылдайды.

Shares