Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда тілдік пәндер олимпиадасы өтті

Петропавлда тілдік пәндер олимпиадасы өтті

Облысымыз бен қала мектептерінде білім алатын 300-ден астам жас тілдік пәндер олимпиадасында бақ сынады. Сайыс Қозыбаев университетінде өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Университетте шараны Тіл және әдебиет институты, осымен, 20 жылдан астам уақыт бойы өткізіп келеді. Мектеп оқушылары әдебиет, қазақ, ағылшын, орыс, неміс, француз тілдері бойынша сайысқа түсті.

Бастама аясында университеттің филологиялық білім беру бағдарламаларының тұсаукесері де ұйымдастырылды.

«Жыл сайынғы қатысатын мектеп оқушыларының 35%-ға жуығы мектепті бітіргеннен кейін Тіл және әдебиет институтына оқуға түседі. Өткен жылы бізде филология бойынша мамандық ашылды, оның түлектері қазақ, орыс, түрік тілдерін меңгерген мамандар. Біздің мамандық пен оқу орнын таңдау үшін үгіт–насихат жұмыстарын жүргіземіз», – деді Тіл және әдебиет институты директорының орынбасары Ботагоз Тагудретова.

Сонымен қатар, дәстүрге айналған олимпиада аясында облыс мұғалімдері өзара тәжірибе алмасып, өзекті педагогикалық мәселелерді талқылайды.

Shares