Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Мас петропавлдық көлікке шабуыл жасады

Мас петропавлдық көлікке шабуыл жасады

Петропавл тұрғыны көлігіне зақым келтірген мас азаматты ұстаған полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Түнгі қаланы патрульдеу барысында Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоның қызметкерлері Ярослав Гашек көшесінің бойында JAC автокөлігіне зақым келтіріп жатқан күдікті ер адамды байқаған.

Бұл сәтте күдікті автокөліктің артқы айналарын және есік тұтқаларын сындырып үлгеріпті. Полицейлерді көргенде ер адам қашып кетпек болған Алайда алысқа ұзамай қолға түсті. Тәртіп сақшылары жедел тергеу тобын шақырып, мемлекеттік нөмір бойынша анықталған көлік иесіне қоңырау шалады.

Медициналық куәландыру көрсеткендей, құқық бұзушы бұрын сотталған 28 жастағы қала тұрғыны мас күйінде болғандығын көрсетті. Ол қоғамдық орында мас күйінде пайда болғандығы үшін жауапқа тартылды.

Кейінірек Петропавл қаласының әкімшілік соты оны бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіргені үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салды. Жергілікті полиция қызметкерлеріне де, судьяға да ер адам өзінің іс-әрекетінің себебін мас күйіне сілтеме жасай отырып, түсіндіріп бере алмады.

Shares