Петропавлда өткен жаппай шаңғы жарысына 200-ге жуық адам қатысты
Облыс орталығындағы Борки кентінде жаппай шаңғы жарысы ұйымдастырылды. Осы шара арқылы петропавлдықтар Денсаулық күнін атап өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Борки кентіндегі шаңғы жолына әртүрлі жастағы бірнеше жүз адам жиылды. Спорт пен салауатты өмір салтын сүйетіндер бір шақырымды еңсерді. Ал спортпен кәсіби түрде айналысатындар үшін “мықтылар” жарысы өтті.
Ардагерлер ұмыт қалмайды. Ұйымдастырушылар оларды арнайы шақырды.
Шара соңында жаппай шаңғы жарысының барлық қатысушысы естелік медальдардан бөлек, сергектік пен жақсы көңіл-күй алды.
“Жаппай шаңғы жарысы тек Петропавлда ғана емес, облыстың 13 ауданында да өтті. СҚО бойынша спорт пен денсаулықтың үлкен мерекесіне жалпы мыңнан астам адам қатысты”, – деп хабарлады СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы.