СҚО-да тәртіп сақшылары өнеркәсіптік нысаннан 45 кг сынап тәркіледі
СҚО-да тәртіп сақшылары өнеркәсіптік нысаннан 45 кг сынап тәркіледі. Тексеріс жұмысы “Дәрмек” ЖПІШ аясында өткізілді, – деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
ҚР ІІМ хабарлауынша, күллі ел көлемінде “Дәрмек”операциясын өткізу кезінде өз қызметінде медициналық препараттарды пайдаланатын 900-ге жуық кәсіпорын мен ұйымдар тексерілді. Есірткі және улы заттармен жұмыс жасау саласында 22 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.
“Мысалы, тексеру барысында Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік объектілерінің бірінде улы заттармен жұмыс жасау ережелері бұзылғаны анықталды. Ол жерден 45 кг сынап табылып, тәркіленді.
Мұндай құқық бұзушылықтар үшін 160 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылады. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда”, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.