Петропавлда ҰОС ардагері Валентина Волкодав 102 жасқа толды
ҰОС ардагері Валентина Волкодав 102 жасқа толды. Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев пен облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов туған күн иесін құттықтай барды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі
Валентина Архиповна Волкодав 1922 жылы, 2 наурызда Украинада дүниеге келген. Ол 1941 жылдың күзінде, небәрі 19 жасында майданға жол тартқан. 1941 жылдың 1 қазанынан 1945 жылдың 20 қазанына дейін әскери-көпір салуға механикаландырылған 41-ші отрядта қызмет атқарыпты. Алдымен есепші, содан кейін қаржы есеп тобының бухгалтері және қаржы бөлімінің кассир-қазынашысы болған. Осы жылдар ішінде оның майдандағы әскери жасағы жолдар, көпірлер мен өткелдер салумен айналысты.
1945 жылдың 9 мамырында Валентина Волкодав Берлинде болды. Көп ұзамай жаңа бұйрық түсті. Азаматша соған сәйкес Жапонияға аттанды.
“Сізге мықты денсаулық тілейміз! Көктем келді, әр күнге қуаныңыз. Шын жүректен еңбегіңіз үшін, даналығыңыз үшін және энергияңыз үшін рахмет айтамын. Өміріңіз ұзақ болсын!”,- деп құттықтады облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Өз кезегінде Валентина Архиповна құттықтай келген әкімдік өкілдеріне бір-бір шоколадтан сыйлады.