Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлдағы облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығында халықаралық деңгейдегі мамандар даярланады

Петропавлдағы облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығында халықаралық деңгейдегі мамандар даярланады

“Kazanada” халықаралық оқу орталығы аккредиттеген жаттығу алаңы облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының базасында ашылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Kazanada” – Қазақстан мен Канаданың жобасы, ол біздің елімізде американдық кардиология қауымдастығының стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді. Ұйым пациенттерге шұғыл көмек көрсететін мамандарды оқытуға бағытталған.

“Біз симуляциялық орталықтың аккредитациясын алдық. Бүгін халықаралық орталықтың өкілі сынақ сабағына келіп отыр. Енді біз СҚО-ның барлық медицина қызметкеріне, күш құрылымдарына, құтқарушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар бере отырып, ресми түрде сертификатталған курстар өткізе аламыз. 2022 жылдан бастап шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарын енгізіп келеміз. Ол үшін 4 бірдей халықаралық сертификатталған жаттықтырушы дайындадық”, – деді облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының директоры Юрий Белоног.

Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.

“Американдық кардиология қауымдастығы жаһандық нарықта 100 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, біздің бағдарламаларымыз 50 жылдан астам уақыт оқытылып келеді. Олар әлемнің 100-ден астам елінде оқытылады. Біздің мақсатымыз – өз қалаларында мамандарға білім беру үшін Қазақстанда нұсқаушыларды оқыту және шығару. СҚ-дан танытылған бастама есебінен қала мен облыс 4 ресми нұсқаушымен толықты. Олар әлемнің кез келген елінде сабақ бере алады”, – деді Орталық Азиядағы Халықаралық оқу орталығының директоры Кевин Фрик.

Shares