Петропавлда аудандық Аналар кеңестері арасында облыстық байқау өтті
Достық үйінде алғаш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының СҚОФ-да аудандық Аналар кеңестері арасында облыстық байқау өтті. Ол 8 наурыз мерекесіне арналды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Облыстың 8 ауданынан келген қатысушылар алдымен қазылар алқасымен сәлемдесті, кейін қазақтың ұлттық дәстүрлерін көрсетті.
“Байқаудың мақсаты – Аналар кеңестерінің жұмысын көрсету, табысты тәжірибе тарату, олардың алдағы жұмысына мотивация беру. Қатысушылардың тіл тазалығы мен сауаттылығына, костюмдеріне қараймыз. Ұлттық дәстүрлер әдет-ғұрыптармен дәл көрсетілгеніне көз жеткіземіз”, – деді қазылар алқасының мүшесі Қымбатқажы Есімханқызы.
Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Басқа қатысушылар алғыс хаттар мен шағын естелік сыйлықтар алды.