Петропавлда “Сұлу бол” облыстық байқауы өтті
8 наурыз қарсаңында Ескендір Дәуітов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжінде “Сұлу бол” облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Марапаттар үшін техникалық және кәсіптік білім алатын 10 студент сынға түсті. Мұндай жарыс облыс орталығында бірінші рет өткізілді.
“Біз осылайша студенттердің шығармашылығын қолдауға тырысамыз. Байқауға қатысушылар кешкі бейнені өздігінше әзірлеуі керек. Олар өз модельдері арқылы тиісті шаш үлгісін, макияж жасайды”, – деді Ескендір Дәуітов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жұлдыз Ысқақова.
“Менің моделім – біздің мұғалім. Көз сүйсіндірерлік кешкі бейне жасауды жоспарлап отырмын. Макияж түстері киіммен үйлесетін болады. Біз шашты көтереміз, сәнді көрінбек”, – деді Булаево қаласындағы кәсіптік оқыту және қызмет көрсету колледжінің студенті Элона Пузикова.
Байқау барысында “Шаштараз өнері” мамандығының 1-2 курс студенттері өздері ойлап тапқан бейнелерді көрсетті. Шығармашылық сайыстың жеңімпаздары дипломмен марапатталды.