Петропавлдағы мектеп-интернат базасында арнайы оңалту орталығы ашылады
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығын аралау барысында «Динамо» стадионының жай-күйімен танысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Қазір бұл спорт нысанын коньки спортына және көпшілік коньки тебуге бейімдеу мүмкіндігі қарастырылуда. Облыс әкімі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына Петропавл әкімімен бірге тиісті есептерді жүргізуді тапсырды.
Одан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов көпсалалы қалалық ауруханада болды. Соңғы 5 жылда аурухананы материалдық-техникалық жарақтандыруға және жаңартуға 2,5 млрд теңге бөлінді. Биыл гинекология бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілмек. Сонымен қатар, диагностиканы жақсарту үшін заманауи ангиограф сатып алынды.
СҚО әкімі №2 арнайы мектеп-интернатында да болды. Бұл мектептің базасында ерекше балалар білім алатын арнайы оңалту орталығы ашылмақ. Осының арқасында оқу процесі жетіліп, балалардың қоршаған ортамен байланысы нығаяды.