Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Облыс әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Облыс әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

7 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының нәзік тұрғындарын өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов салтанатты түрде құттықтады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қымбатты әйелдер қауымы, Халықаралық әйелдер күні бізді аналарға, ошақ ұстаушы жандарға, қыздарға үлкен ризашылық пен мейірім білдіру үшін біріктіреді. Тек сіздер ғана жұмыс пен отбасында жылы, қолайлы атмосфера құра аласыздар”, – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Мұндай жанның бірі – 8 наурыз қарсаңында “Алтын алқа” төсбелгісін тағынған Райхан Жанбота. Әйел жұбайымен бірге жеті бала тәрбиелеп отыр, сонымен қатар ауыл мектебінде химия, биология және география пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

“Балаларымызды да, мектеп оқушыларын да тәрбиелеуге үлгеруіміз керек. 8 наурызда балалар түрлі сыйлықтар жасайды, оларға тапсырыс береді. Ұл-қыздарым өсіп келе жатыр. Үлкендері көмек қолын созады”, – деді Айыртау ауданындағы Лобанова ОМ мұғалімі Райхан Жанбота.

Тағы 4 солтүстікқазақстандық “Күміс алқа” төсбелгісін алды. Жалпы, мереке алдында 50-ге жуық теріскейлік әйел түрлі марапатқа ие болды.

Өңір басшысының қатысуымен өткен салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

Shares