Петропавл қаласының әкімі әйелдерді мерекемен құттықтады
Облыс орталығының әкімі Серік Мұхамедиев түрлі сала қызметкерлерін келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Қалалық мәдениет үйіндегі мерекелік іс-шарада шаһар басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген әйелдерге жылы сөздер айтты.
“Сіздердің әрқайсыларыңыз әлемге ерекше сұлулық пен үйлесімділік сыйлайсыздар. Сіздер еңбек, қоғамдық, саяси қызметке белсенді қатысасыздар, қаланың дамуына өз үлестеріңізді қосасыздар. Көктем мерекесі құтты болсын, қымбатты әйелдер! Бұл күн жақсы көңілге мен қамқорлыққа толы болсын, жүректеріңіз жылулыққа, достық пен махаббатқа қуансын, ал армандарыңыз оңай жүзеге ассын”, – деп құттықтады Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев.
8 наурыз қарсаңында мереке иелері грамоталар, алғыс хаттар мен гүлдер алды.
“Мен ауыр жұмыс істеймін, құбырларды оқшаулап, жинап, бөлшектеймін. Менің мамандығыма, әрине, шеберлік қажет. Еңбек ауыр, жабдықты жақсы білу маңызды. Осы салада 17 жыл еңбек етіп жүрмін”, – деді “Средазэнергомонтаж Петропавл ” ЖШС оқшаулаушысы Людмила Роталь.
Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.