Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қызылжар ауданының тұрғыны Мария Насонова – ауыл шаруашылығы саласының өкілі

Қызылжар ауданының тұрғыны Мария Насонова – ауыл шаруашылығы саласының өкілі

Мария Насонова 10 жылдан бері Қызылжар ауданындағы “Петерфельд-Агро” ЖШС бұзау өсіруші болып жұмыс істейді. Нәзікжанды іске енді кіріскенде ауыл шаруашылығы саласында осынша уақыт жұмыс істеймін деп ойламапты. Азаматшамен QZ Мedia тілшісі тілдесті.

“Менің алғашқы жұмыс орным Петропавлдағы атқару тетіктері зауыты болды. Бастапқыда револьвер токарының шәкірті болдым, содан кейін екінші санатты токарь атандым”, – деді Мария Насонова.

1982 жылы азаматша тұрмысқа шықты. Қызы мен ұлын дүниеге әкелді. Бала күтімінен кейін қайтадан зауытқа оралды, онда 1995 жылға дейін жұмыс істеді.

“Содан кейін құлдырау кезеңі басталды, ақша жетіспеді, біз пәтерді саттық, ауылға кеттік. Петерфельдке келдік. Басында үй шаруасындағы әйел болдым. Мал өсірдік. Күйеуім колхозда жұмыс істеді”, – деді “Петерфельд-Агро” ЖШС бұзау өсірушісі.

2009-2014 жылдар аралығында Мария Насонова көкөніс қоймасында тер төкті.

“2014 жылы “Петерфельд-Агро” ЖШС бұзаулау бөліміне жұмысқа орналастым, бұзау өсірумен айналысамын. Таңғы 5:00-де жұмыста болу керек, сауу басталады, түскі 12:00-де және кешкі 16:00-де бұзауларды қоректендіреміз. Бұзаулар көп туса, үйге кеш қайтамын”, – деді Мария Насонова.

Мамыр айында ауыл шаруашылығы қызметкері 61 жасқа толады, құрметті еңбек  демалысына шығады. Мария Насонованың екі баласы және бес немересі бар. Азаматша бос уақытын солармен өткізуге тырысады.

Shares