Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Еріктілер облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының қызметкерлерін 8 наурызбен құттықтады

Еріктілер облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының қызметкерлерін 8 наурызбен құттықтады

Халықаралық әйелдер күнінде жедел жәрдем өкілдері бір сәт те тізе бүкпей, өз міндеттерін орындауда. Жауапты саланың жүгін арқалаған жандарға еріктілер мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Белсенділер шақыртуға келген қызметкерлерді тұрғын үйдің алдында, сондай-ақ облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының ғимаратында құттықтады.

“Мұндай құттықтауды күткен жоқпын. Мереке күні жастардың осылай көңіл бөлуі – үлкен бақыт, оларға алғыс айтамын. Барлық әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын”,- деді облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының педиатр дәрігері Наталья Стегайло.

Халықаралық әйелдер күнінде облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының 20-дан астам қызметкері құттықтау қабылдады.

“Біз жиналып, әдемі де қамқор ханымдарды құттықтауды шештік. Гүлдер, тәттілер, әндер мен тілектер дайындалды. Демеушілер бұл шараны ұйымдастыруға көмектесті. Осы үшін оларға алғысымызды білдіреміз”, – деді СҚО ІІБ бөлімінің басшысы Анастасия Волкова.

 

Shares