Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Антикор: ҚР мәдениет және спорт экс-вице-министрі Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыру кезінде коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет еткен

Антикор: ҚР мәдениет және спорт экс-вице-министрі Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыру кезінде коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет еткен

Астанада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметі туралы брифинг өтті. Онда ҚР мәдениет және спорт бұрынғы вице-министрінің ұсталу себебі айтылды. Белгілі болғандай, ол 2018 жылы Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыру кезінде коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет еткен, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

1 наурызда Антикор бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрінің ұсталғаны туралы хабарлады. Хабарламадан оның ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігіне іліккені белгілі болды.

“Вице-министр коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет еткен. Ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасаған кезде форумды өткізу үшін жасалған сметада бағаны екі есе өсіріп көрсеткен. Бұл өз кезегінде бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкелген”, – делінді брифингте. 

Сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік анықталды және оған тыйым салынған. Тергеу жалғасуда.

Shares