Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі Zakon.kz. басылымына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының сөзінше, халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша. Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл. Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді.
“Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін. Ораза қабыл болсын!”,- делінген Президенттің құттықтауында.