NIS желісінің мектептері тәжірибе алмасты
Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Қостанай қаласындағы NIS мұғалімдері келді. Қонақтарға оқу орнының жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтылды, сыныптар мен жатақхана көрсетілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Петропавлдағы білім ұясының ұжымы әр студенттің талантын ашуға тырысады. Оқу барысында кейбір балалар спортта үлкен нәтижелерге қол жеткізеді, ал кейбіреуі өзін шығармашылық бағыттарда айқын көрсетеді.
“Бізге тәрбие жұмысының жобалары өте қызықты болды. Петропавлдағы НЗМ педагогтары жеке тұлғаны тек интеллектуалды ғана емес, сонымен қатар спорт, өнер және т. б. бағытта ерекше тәсілдер арқылы дамыта алады”, – деді Қостанай қаласындағы NIS директоры Гүлнәр Досқазиева
Дегенмен, білім алу – НЗМ студенттері үшін бірінші орында.
“Кездесуден бастап, семинарларға, ашық сабақтарға дейінгінің барлығы өте ұнады деп айтқым келеді. Мектепте жұмыс атмосферасы сезіледі. Оқушылар өте мейірімді, мұқият, ал әріптестер біздің ынтымақтастығымызға қызығушылық танытады. Әріптестерімізден олардың қалай жұмыс істейтінін, қандай дайындық жүйесі бар екенін білгіміз келеді”, – деді Қостанай қаласындағы NIS ағылшын тілі мұғалімі Руза Тәшенова.
NIS желісінің мектептері биылғы оқу жылынан бастап тәжірибе алмасуда. Бұған дейін Петропавл мұғалімдері Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектепте болды.