Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да жазасын өтеп жатқандардың 50 туындысы Петропавлдағы бейнелеу өнері музейіне қойылды

СҚО-да жазасын өтеп жатқандардың 50 туындысы Петропавлдағы бейнелеу өнері музейіне қойылды

Петропавлдағы бейнелеу өнері музейінде ерекше байқау өтті. Мұнда көрермен назарына СҚО-да жазасын өтеп жатқандардың картиналары мен қолданбалы өнер бұйымдары ұсынылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Үміт – 2024” атты ерікті қолданбалы өнер және көркемөнерпаздар ұйымдарына мүшелік ететін қатысушы-сотталғандар 20 картина мен ағаштан, гипстен және тағы да басқа материалдардан жасаған 30 жұмысты ұсынды.

Қазылар алқасы ретінде көрмеге СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Қанат Сүлейменов және ҚР Суретшілер одағының Солтүстік Қазақстан филиалының төрағасы Ғалия Әбенова қатысты.

Айта кету керек, қатысушы-сотталғандардың көпшілігі кәсіби суретшілер емес және қолөнерді жазаны өтеу орындарында үйренген.

Shares