Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Мереке күндері петропавлдық полиция қызметкерлері отбасылық жанжалдарға жиі барған

Мереке күндері петропавлдық полиция қызметкерлері отбасылық жанжалдарға жиі барған

Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қызмет өткерудің үш мерекелік күнін күшейтілген режимде өткізді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жол қауіпсіздігі, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету басымдықта болды. Облыс орталығындағы жедел жағдай тұрақты болып қалды, ауыр және аса ауыр қылмыстар тіркелген жоқ.

СҚО полиция департаменті хабарлағандай, барлығы 8-10 наурыз аралығында “102” жедел арнасына 996 телефон хабарламасы келіп түсті, оның 343-і полиция күштерінің ден қоюын талап етті. Ең көп тіркелген отбасылық жанжалдар – 27 факті. Сонымен қатар, петропавлдықтар шулы жиындарды сүйетіндер тарапынан түнгі уақытта тыныштықтың бұзылуына 22 рет шағымданды. Сондай-ақ, 156 әкімшілік құқық бұзушылық бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды.

Мереке күндері жол қозғалысы ережелерін жиі бұзу қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау болды, бұл үшін 50 жүргізуші жауапқа тартылды. Сонымен қатар, қала көшелерінде 26 жол апаты орын алды. Нәтижесінде көлік құралдары механикалық зақымдану алды, зардап шеккендермен ЖКО тіркелген жоқ.

Shares