80-нен астам ерекше бала “Жұлдызай” фестивалінде өз өнерін ұсынды
Петропавлда ерекше балалар арасында 19-шы “Жұлдызай” республикалық балалар шығармашылығы фестиваліне облыстық іріктеу өтті. Дәстүрлі шарада 80-нен астам бала өз таланттарын көрсетті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Барлығы 4 номинация: вокал, хореография, ым-ишара және аспаптық орындау. Қатысушылар өте талантты, ашық, оларды тамашалау бәріне ұнайды, сахнада олар ашыла түседі”, – деді “BI-Жұлдызай” қайырымдылық қорының өкілі Айжан Байтышқанова.
Фестиваль 2004 жылы Астанада ұйымдастырылды. Мұнда жыл сайын жүздеген дарынды бала даму ерекшеліктері олардың таланттарын шектемейтінін дәлелдейді.
“Екі жыл бойы домбырада ойнаймын, фестивальге бірнеше композиция дайындадым, көп жаттығу жасадым, лайықты өнер көрсеткім келеді”, – деді фестиваль қатысушысы Батырхан Хамитов.
Байқаудың қорытынды туры мамыр айының соңында Астанада өтеді, ал жаздың бірінші күні ұйымдастырушылар қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен гала-концерт өткізуге уәде берді.