Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-дан мерзімді әскери қызметке 480 жас шақырылады

СҚО-дан мерзімді әскери қызметке 480 жас шақырылады

1 наурыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында, бүкіл елдегідей, көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды, ол маусым айының соңына дейін жалғасады. Шақыру жоспарына сәйкес, СҚО-дан 480 жігітті мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарлануда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

ӨКҚ брифингінде СҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Марат Каримов азаматтарды әскерге шақыру – әскери міндет негізінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жеке құрамын жасақтауға бағытталған мемлекеттік органдар өткізетін іс-шаралар кешені екенін айтты.

“Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату үшін негіздері жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының ер азаматтары мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери қызмет мерзімі 12 айды құрайды. 1 наурыздан бастап біздің облыс аумағында аудандар, Петропавл қаласы және облыс әкімдіктерінің қаулылары негізінде 14 шақыру және медициналық комиссия жұмыс істей бастады, оның ішінде 12 аудандық, 1 қалалық және 1 облыстық шақыру комиссиясы бар. Біздің облыс аумағынан көктемгі шақыру науқаны барысында әскерге шақыру жоспарына сәйкес 480 жігітті мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарлануда. Жыл сайын біздің балалар еліміздің барлық өңірлеріне міндеттерін өткеруге жіберіледі”, – деді Марат Каримов.

Қазіргі уақытта жоспарлы түрде ҚР ҰҚК ШҚ әскери командаларын қалыптастыру және жөнелту процесі жүріп жатыр және ағымдағы жылдың 8 наурызында алғашқы көктемгі әскерге шақыру командасы құрылып, жіберілді, 13 солтүстікқазақстандық Шығыс Қазақстан облысына аттанды.

“Шақыру пунктіне келу қажеттігі туралы хабарлама шақыру қағаздарын әскерге шақырылушыға жеке тапсыру жолымен жүргізіледі, сондай-ақ соңғы төрт жыл ішінде SMS-хабарламаларды, яғни әскерге шақырылушыларға электрондық шақыру қағаздарын ұялы телефондар арқылы жіберу үрдісі біртіндеп енгізу жүргізілуде. Сонымен қатар, әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналарына мерзімді қызметке шақырудан жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін жеткізгім келеді”, – деді Каримов.

 

Shares