Петропавлдағы базарлардың біріне тегін тексерілу үшін жылжымалы флюорограф қойылды
Ақпанның 24 жұлдызында ҚР-да Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық басталды. Осыған орай облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары “Алтын арман” әмбебап сауда орталығында флешмоб өткізді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Айлық аясында облыстық фтизиопульмонология орталығы өкілдері туберкулездің салдары туралы халықтың білімін арттыруға бағытталған түрлі ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізді.
“Біз флешмобты жыл сайын қала тұрғындарының назарын аудару үшін өткіземіз, денсаулыққа қамқорлық жасау маңызды екенін еске саламыз”, – деді облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігері Наталья Суходубова.
“Алтын арман” әмбебап сауда орталығының аумағында кез келген адам тегін тексеруден өтуі үшін жылжымалы флюорограф бір күнге қойылды.
“Менің ойымша, бұл өте жақсы акция. Сатушыларға жұмыс орнына шақыру әкелінді. Тексеруден аз уақыттың ішінде өтіп, жұмысымызға кірістік. Тамаша бастама”,- деп өз пікірімен бөлісті “Алтын арман” әмбебап сауда орталығының сатушысы Анна Талькова.