Сқо-да техникалық мамандықтарға сұраныс артты
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында аудандар мен қаланың жұмыспен қамту жөніндегі органдарымен 16 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Әртүрлі қызмет саласындағы 198 кәсіпорын жұмыссыздарға 930-дан астам бос жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Жәрмеңкелерге 500-ге жуық адам қатысты, оның ішінде 79 адам қызығушылық танытып, әңгімелесуге жазылды.
“Бос орындар жәрмеңкесі –жұмысқа орналасуға көмектесетін тиімді әдістердің бірі. Бұл келушілерге жұмыс берушімен қарым-қатынас барысында жұмысқа орналасудың нұсқалары мен шарттарын таңдауға мүмкіндік береді. Еңбек нарығында өндірістік станоктардың операторы, зертханашы электрик-реттеуші, фрезерлеуші, токарь сияқты техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары”, – деп атап өтті СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.