Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » УЕФА талаптарына сәйкес келеді: Петропавлдағы “Қарасай” стадионында қандай жөндеу жұмыстары жүргізіледі

УЕФА талаптарына сәйкес келеді: Петропавлдағы “Қарасай” стадионында қандай жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жергілікті «Қызылжар» клубының басшылығымен, жаттықтырушылар құрамымен және ойыншыларымен кездесті. Өңір басшысы клуб президенті Григорий Лорияны 70 жасқа толу мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Біздің клуб жаңа маусымды бастап кетті. Команданың алдында Премьер-лигада сәтті өнер көрсету міндеті тұр. Сондай-ақ, негізгі клубқа жергілікті футболшыларды тартуға да көңіл болу керек”, – деді облыс әкімі.

Футболды дамыту үшін барлық жағдай жасалуда. Өткен жылы «Қарасай» стадионын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталды. Жылыту және суару жүйесі бар жасанды алаң, жаңа жарық және дыбыс жүйесі орнатылды.

Биыл екінші кезең аясында трибунаны ауыстыру, трибуна астындағы аумақты жаңарту және шатыр орнату жоспарлануда. Ойыншыларды стадионның ортасынан шығару да жасалады. Осылайша, стадион УЕФА талаптарына сай болып, бізде еурокубок матчтарын өткізуге мүмкіндік береді.

 

Shares