Петропавлда Ұлттық спорт күні жаппай шаңғы жарысы өтті
Ұлттық спорт күні Борки кентіне жаппай шаңғы жарысына қатысушылар жиналды. Қашықтық – 600 метр. Облыс орталығы Қостанай облысынан челлендж қабылдады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Біз кез-келген жастағы жерлестеріміздің әртүрлі спорт түрлерімен айналысуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасаймыз. Жаңа спорт нысандары салынуда, екі ДШСК, сондай-ақ екі жабық хоккей корты салынуда. Петропавлда 24 үстелге арналған үстел теннисі орталығының құрылысы басталды. Бескөл ауылында жабық хоккей кортын салуға қаражат бөлінді. Сіздерге сәттілік, табыс, сергектік пен жақсы көңіл-күй тілеймін. Наурыз мейрамымен құттықтаймын!”,- деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Жаппай шаңғы жарысына кәсіби спортшылармен қатар, әуесқойлар да қатыса алды. Барлығы 300-ге жуық адам.
“Мен Петропавлдағы Қазбек Байболов атындағы БЖСМ-де шаңғы жарысы мен биатлоннан жаттықтырушымын. Үшінші жыл жаттықтырушы болып жұмыс істеймін, қазір менің 20-ға жуық шәкіртім қатысады”, – деді Қазбек Байболов атындағы БЖСМ жаттықтырушысы Думан Шеген.
“Маған шаңғы спортының қыр-сырын Думан Маратұлы үйретеді, өте ұнайды. Бір жылдан бері шаңғы тебемін. Көптеген жарыстарға қатысып, бір рет медаль жеңіп алдым”, – деді Қазбек Байболов атындағы БЖСМ оқушысы Ясмин Самигуллина.
Жарыс өте жылдам өтті. Кәсіпқойлар алдыңғы қатарда жүгіріп, басқаларға қарағанда мәреге ерте жетті. Ал әуесқойларға 600 метрге жету үшін біраз уақыт қажет болды. Жарыстың барлық қатысушысына естелік медальдар табысталды. Жалпы, Ұлттық спорт күні солтүстікқазақстандықтар үшін көптеген жарыстар дайындалды.
“Ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді. Күрестен Қожаберген жырау атындағы республикалық турнир болады. Асық ату мен тоғызқұмалақтан да сайыстар жоспарланған. Бүгін Жамбыл ауданының орталығы Пресновка ауылында ДШСК ашылмақ. Онда ұлттық спорт түрлері бойынша да жарыстар өтеді. Қызылжар ауданы Бескөл ауылында ат жарысы көпшілік назарына ұсынылады”, – деді СҚО дене шынықтыру басқармасының басшысы Сергей Мелехов.