Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қала тұрғындары Наурыз мейрамы жайлы белсенділердің сауалдарына жауап берді

Қала тұрғындары Наурыз мейрамы жайлы белсенділердің сауалдарына жауап берді

March 20, 2024 16:19

Қалалық жастар ресурстық орталығының белсенділері көктемнің басты мерекесінің бір күнінде викторина өткізді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

ЖРО өкілдері Петропавл тұрғындарына Наурызбен байланысты салт-дәстүрлер туралы сұрақтар қойды. Акция 3 күн бойы өткізіледі.

“Біз шағын сыйлықтар дайындадық: ақша жинайтын ыдыс, кәмпиттер, шоколад және т. б. Іс-шараның мақсаты – Петропавл тұрғындары Наурыздың тарихы туралы көбірек білу”, – деді қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Анастасия Шачнева.

 

Shares