Солтүстікқазақстандық 30 жігіт Қонаев қаласына аттанды
20 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департамент ҚР Қарулы күштерінің кезекті әскери командасын жіберді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Солтүстікқазақстандық 30 жігіт 12 ай мерзімді әскери қызметке шақырылды. Олар Қонаев қаласындағы 26363 әскери бөлімінде аэроұтқыр әскерлері қатарында борыштарын өтейді.
“Облыстық құрама пунктінде осы әскери команда үш күннің көлемінде жасақталды. Жоспар бойынша СҚО аумағынан көктемгі шақыру науқаны кезеңінде 480-ге жуық азамат әскерге шақырылу керек”, – деді СҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Марат Каримов.
Өз сөзінде ведомство өкілі қазір шекара қызметінің әскери командаларын қалыптастыру аяқталып жатқанын да атап өтті.