Петропавлдың басты алаңында Наурыздың құрметіне арналған халықтық думан өтті
Наурыз 22 наурыз күні барлық жерде тойланады. Ауылдарда, үйлердің аулаларында, көпқабатты үй маңдарында және қаланың басты алаңында. Мұнда қала тұрғындары мен облыс орталығының қонақтары үшін жарқын, әсерлі ойын-сауық бағдарламасы дайындалды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Алаңға қатысушылардың барлығын жаңа жылдың басталуын бейнелейтін мерекемен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.
“Мереке дәстүрлері халқымыздың ең жақсы қасиеттерін айқындайды: шынайылық, мөлдірлік, тектілік, жанашырлық пен мейірімділік. Биыл Наурыз мейрамы еліміздің жаңаруы мен ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолындағы бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі ретінде аталып өтіледі. Бейбітшілік пен жасампаздық мерекесі – біз сіздермен бірге сақтауымыз керек ата-бабаларымыздың ұлы мұрасы”, – деп құттықтады СҚО әкімі.
22 наурыздағы мерекелік көңіл-күйді басты алаңда қонақ және жергілікті әртістер көтерді. “ER TURAN” этно-фольклорлық ансамблі солтүстікқазақстандықтардың жүректерінен орын таба алды.
“Суық, бірақ бұл көңіл-күйді бұзған жоқ. Көрермендер өз жылулықтарымен бөлісті. Біз солтүстікқазақстандықтар үшін түрлі композициялар орындадық. Олардың ішінде “Самал тау”, “Көк шолақ”, “Ақкурай”, – деді Шымкент қаласы “ER TURAN” этно-фольклорлық ансамблінің әртісі Бағлан Алтаев.