СҚО-да партиялықтар әлеуметтік желілер арқылы азаматтармен байланыс орнатуды меңгеруде
СҚО-да партиялықтар әлеуметтік желілер арқылы азаматтармен байланыс орнатуды меңгеруде Петропавлда “AMANAT” партиясының барлық деңгейдегі депутаттары үшін екі күндік семинар тренинг өтуде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Тәжірибелі жаттықтырушылар солтүстікқазақстандық 120 халық қалаулысын әлеуметтік желілерді дұрыс жүргізуге және олар арқылы партия жұмысын көрсетуге үйретеді.
“ҚР-да “AMANAT” партиясы атынан 2,5 мыңнан астам депутат еңбек етуде. Біз жартысын оқыттық, адамдар Instagram желісінде өздігінше белсенді бола бастады, жазбалар жариялай бастады, азаматтармен түсінікті тілде диалог жүргізе бастады. Біз өте қарапайым деректерді береміз”,- деді “Kozildirik Media Group” PR-агенттігінің басшысы Ерлан Мүсіпов.
Бүгінгі тренингті “Tura News” порталының бас редакторы Алмас Тоқабаев, “Kozildirik Media Group” PR-агенттігінің басшысы Ерлан Мүсіпов және “Basnews.kz” порталының бас редакторы Рамазан Дәулетбаев өткізді.
“Әлеуметтік желілер арқылы біз сайлаушылардың мәселелерін білеміз, олар азаматтарды қабылдауға жазылады. Егер әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды толғандырған проблемаларға талдау жасап, оларды мемлекеттік органдарға жібере алсақ, өте жақсы болар еді”, – деді М.Жұмабаев аудандық мәслихат төрағасы Айзада Рахметова.