Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Басты күдікті отағасы: келіншек пен екі бірдей баланың өртте қаза табуына байланысты Петропавлда сот отырысы басталды

Басты күдікті отағасы: келіншек пен екі бірдей баланың өртте қаза табуына байланысты Петропавлда сот отырысы басталды

Петропавлда, нақтырақ айтсақ СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Волочаевский көшесі, 113 мекенжайы бойынша орналасқан жеке үйде болған өртке қатысты алғашқы тыңдалым өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұл үйде 2023 жылдың 25 қыркүйегінде 20 жастағы қыз бен екі кішкентай бала өрт салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Өрттен аман қалған жалғыз адам – қаза тапқан келіншекпен бірге тұрған 25 жастағы Александр Канищев. Ол сотталушылар орындығында болды. Ер адам бұрын жауапқа тартылған. Сот залында қайтыс болған қыздың анасы Надежда Котяш да бой көрсетті.

“Біз күн сайын бейнебайланысқа шығып отырдық. Олар бүкіл отбасы болып тілдесетін. Бәрі әрқашан жақсы болды, ештеңеге күдіктенбедік. Алинаның өкпесінде көміртегі тотығы бар, Александрда жоқ. Немеремнің өлімі бойынша мені бірден шақырды. Алина ес-түссіз күйде жатты. Мәйітханадан денені алған кезде немеремнің өлімінің себебі анықталмады”, – деді қайтыс болған азаматшаның анасы Надежда Котяш.

25 қыркүйекте сотталушының інісі де өртте қаза тапты. Сот отырысы кезінде сотталушының анасы сот қабылдаған іске қатысты қосымша құжаттар мен фотосуреттер берді.

“Александр Евгеньевич Канищев 191-баптың 1-бөлігі, 293-баптың 2-бөлігі 2-тармағы, 107-баптың 2-бөлігі 5-тармағы, 99-баптың 2-бөлігі 1, 3, 5-тармағы, 99-баптың 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады. Алдын ала тыңдау барысында сотталушы Канищев соттың оның қылмыстық ісін алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініш білдірді”, – деді СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Сәуле Литфуллина.

Сотталушыны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды. Оның өтініші қабылданды. Алқабилердің қатысуымен алғашқы сот отырысы 10 сәуірде өтеді.

Shares