Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Сқо-лық экс-мұғалім Ақмола облысында мефедронның ірі партиясымен ұсталды

Сқо-лық экс-мұғалім Ақмола облысында мефедронның ірі партиясымен ұсталды

Ақмола облысының полицейлері синтетикалық есірткінің аса ірі партиясымен есірткі жасырушыны ұстады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Азаматша 10 жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық мектептерінің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген. Осыдан бірнеше жыл бұрын жұмыстан шығып, есірткі заттарын қолдана бастапты.

Полиция есірткі жасырушыны Степногорск қаласында ұстады. Жеке тінту барысында жедел қызметкерлер тыйым салынған заты бар 14 ораманы тауып алды. 37 жастағы әйел полицейлерге “жұмыс күні” ішінде есірткі жасырған орындарды да көрсетті.

Көрсетілген мекен-жайлардан қызметкерлер “бомба” деп аталатын тағы екі үлкен ораманы және дозаларға бөлінген төрт ораманы тапты. Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары аясында полицейлер жалға алынған пәтерді тексерді, онда күдікті Степногорск қаласына келгелі бері тұрыпты.

Мұнда жедел уәкілдер тыйым салынған заты бар тағы 105 ораманы, сондай-ақ есірткіні доза бойынша өлшеп-орауға арналған құрылғыларды тапты. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттың салмағы 62,5 г. Ол синтетикалық мефедрон препараты болып табылады, бұл өте үлкен мөлшерге жатады.

Ұсталған адамның айғақтарына сүйенсек, ол 2023 жылдың соңында Telegram қосымшасынан жұмыс тапқан. Жеңіл табыс туралы уәде әйелді қызықтырыпты. Кураторының нұсқауы бойынша ол Степногорск қаласына келген. Бірақ дереу полиция ұстап алды. Қазіргі уақытта ұнтақты сату фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, пысықай әйел қамауға алынды.

Shares