Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Солтүстікқазақстандық каратэшілер Алматыдан 6 алтын, 4 күміс және 10 қола медаль әкелді

Солтүстікқазақстандық каратэшілер Алматыдан 6 алтын, 4 күміс және 10 қола медаль әкелді

23-24 наурыз аралығында Алматыда мейбукан годзю-рю каратэ-до бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 400-ге жуық спортшы қатысты. Солтүстік Қазақстан облысының намысын 10 каратэші сәтті қорғады. Олар өңірге 6 алтын, 4 күміс және 10 қола жүлде әкелді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жарысқа қатысушы Диана Донская өз әсерімен бөлісті. Оның мақсаты Азия чемпионатына іріктеуден өту үшін Қазақстан чемпионатында жеңіске жету болыпты.

“Мен мақсатыма жеттім, енді Азия чемпионатында жақсы нәтиже көрсету үшін тыңғылықты жаттығатын боламын. Жарыс қиын болды. Қарсыластар лайықты. Менен үлкен және тәжірибелі қыздармен бәсекеге түсу оңай шаруа емес. Жаттығудың арқасында мен жеңдім”, – деді Диана Донская.

Қысқа үзілістен кейін каратэшілер жаттығуға оралады. Олар Азия чемпионатына дайындалуы керек. Жарыс мамыр айында Үндістанда өтеді.

Shares