Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қозыбаев университеті Huawei компаниясымен әріптестік орнатты

Қозыбаев университеті Huawei компаниясымен әріптестік орнатты

Қозыбаев университеті Huawei компаниясымен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл ұйым ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында әлемдік көшбасшы болып табылады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі ЖОО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания телекоммуникация, есептеу, жасанды интеллект және т.б. саладағы инновациялық әзірлемелерімен танымал. Huawei халықаралық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және өмірдің әртүрлі салаларына озық технологияларды енгізуге белсенді қатысады.

“Бұл меморандум инженерлік және сандық технологиялар факультетінің студенттері мен ғалымдары үшін зерттеулер, білім беру, инновациялар саласында жаңа мүмкіндіктер ашады Ынтымақтастық Huawei компаниясының білім беру ортасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Huawei ұйымымен бірлескен жобалар біздің қоғам мен әлемдік ғылымның дамуына ықпал ете отырып, жаңа білім мен технологияға қол жеткізеді деген сенімдеміз!”, – делінген Қозыбаев университеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Shares