Су тасқыны-2024: петропавлдық коммуналдық қызметкерлер суағарларды ерітуде
Облыс орталығында да, облыс аудандарында да су тасқынына дайындық қарқынды түрде жүріп жатыр. Қалада коммуналдық қызметкерлер суағарларды ерітуде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Петропавлда ашық үлгідегі нөсер кәріздерінің ұзындығы 109 км құрайды. Екі айдың көлемінде мамандар оларды қар мен мұздан тазарту жұмыстарын жүргізді. Температураның өзгеруіне байланысты түнде су қатып қалады, осыған байланысты коммуналдық қызметтер құбырларды жылыту жұмыстарын жүргізеді. Бұл су тасқынына қарсы іс-қимыл шараларының ажырамас бөлігі.
“Жұмысқа 85 адам және 40 техника жұмылдырылды. Жұмыстар 24/7 үлгісінде жүргізілуде. Сонымен қатар, бригадалар еріген суларды бұруды жүргізеді және жеке сектор тұрғындарының өтінімдерін пысықтайды. Тұрғындардан өтінімдер 24/7 форматында мына нөмірлер бойынша қабылданады: 109 немесе WhatsApp +77710910900”, – деп атап өтті Қ
қалалық ТҮКШ баспасөз қызметі.