Петропавлдың жеті ықшам ауданынан қар шығарылып жатыр
Қыс басталғалы Петропавл қаласының аумағынан 1 млн текше метрден астам қар шығарылды. Қазіргі уақытта облыс орталығында қар тазалау жұмыстарына 150 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Су тасқыны мәселесін қалалық мәслихатта «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары қарады. Жиын барасында қалалық ТҮКШ автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Олег Гавриловтың айтуына қарағанда, «Благоустройство Север» және «Грандо» ЖШС қазір Береке, «Ойқала», «Зайсан», «Жас Өркен», «Заречный» және «Былғары зауыты» аудандарында қар шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал, «Солнечный-2» шағын ауданында бұл шаруа аяқталған.
«Ақпанның 1-інен бастап «Тазарту, су бұру және су өткізу құрылыстары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында суағарларды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шаруа 85% аяқталды. Былғары зауыты ауданы мен Ущев көшесінде екі бөгет бар. Табиғи апаттың алдын алу мақсатында жыл сайын инернетті материалдар әзірленеді», – деді Олег Гаврилов.
«Тазарту, су бұру және су өткізу құрылыстары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында көктемгі су тасқаны кезеңінде іске қосылатын 39 бірлік арнайы техника, 39 сорғы мен мотопомпалар бар. Сондай-ақ, жақында қақалық ТҮКШ автомобиль жолдары бөлімі партиялықтарға су басу қаупі бар аймақтарда тұрған үйлердің тізімін береді. Кейін депутаттар ағымдағы жағдаймен танысу мақсатында мемлекеттік органмен бірлесіп, үй-үйді аралайтын болады.