Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 2023 жылы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі СҚО бойынша департаменті төрт адамның құқығын қорғады

2023 жылы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі СҚО бойынша департаменті төрт адамның құқығын қорғады

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге ерекше назар аударылады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Мысалы, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі СҚО бойынша департаментінің араласуынан кейін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруге оң шешім беру – жекешелендіру шартын жасасу, тұлғаны № 1 қалалық емханаға бекіту, сондай-ақ тұрғын үй кезегін қалпына келтіру, атап айтқанда, тұрғын үйге қою кезегін 67 позицияға жоғары жылжыту бойынша тиісті шаралар қабылданды.

“Өтініш берушілердің біріне жылжымайтын мүлікті тіркеу мемлекеттік қызметі шеңберінде заңсыз төленген сомалар қайтарылды-тұрғын үйдің жаңа меншік иесі жылжымайтын мүлікті тіркеді. Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, сіз оларды қалпына келтіру үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне жүгінуге құқығыңыз бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алуға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар тұрақты негізде әзірленеді”, – делінген ведомства хабарламасында.

Shares