Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қардың күрт еруі, жаңбыр, ойпатта үйлердің болуы: Петропавлдың 12 үйіне су кірді

Қардың күрт еруі, жаңбыр, ойпатта үйлердің болуы: Петропавлдың 12 үйіне су кірді

Облыс орталығының тұрғындары дабыл қағуды бастады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Су 28 наурыз күні, яғни бейсенбіде келе бастады. Қаланың әртүрлі шағын ауданынан шағым түсті. Бұқара базынасын видео арқылы білдірді. Өзекті мәселе қалалық әкімдікте көтерілді.

“Ikomek ахуалдық орталығына барлығы 119 хабарлама келіп түсті, оның 12-сі – үйге су кіру. Су тасқынының негізгі себептері: қардың күрт еруі, жаңбыр түріндегі жауын-шашын, ойпатта үйлердің болуы”, – делінген хабарламада.

Алдын алу жұмыс жалғасуда және тәулік бойы жүргізіледі. Іске 105 адам және 60 бірлік арнайы техника мен 40 мотопомпа жұмылдырылды. СҚО ТЖД хабарлағандай, жер асты сулары деңгейінің көтерілуіне байланысты су 10 үйге кірді. Деңгей 1,5 см болды.

“ТЖД күшімен – жеке құрамның 40 адамы және 10 бірлік техника, сонымен қатар қала әкімдігімен су сорып алынды. 1 мың 228 текше метр сорылды”, – деп хабарлады СҚО ТЖД.

Shares