Ішкі кәріз жүйесінің бұзылуына байланысты Петропавлдағы Абай және Назарбаев көшелерінде орналасқан үйлердің жертөлелеріне су кірді
28 наурыз күні Абай, 43, 45, 47 және Назарбаев, 111 мекенжайы бойынша орналасқан үйлердің жертөлелеріне су кірді. Мұның себебі – ішкі кәріз жүйесінің бұзылуы. Нақтырақ айтсақ, құбырдың шыдас бермеуі, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Қазіргі уақытта “Қызылжар су” мамандары жертөлелерден суды шығарып жатыр.
“Құрметті тұрғындар, МИБ/ПИК төрағалары, үйлеріңіз үшін жауапкершілік танытуды еске саламыз және мұндай жағдайлардың алдын алу үшін КТҮ-дағы кәріз жүйесінің ішкі жүйесін тағы бір рет тексеріп, оның жарамдылығына көз жеткізуді сұраймыз”, – деп еске салады қалалық әкімдік өкілдері.