Петропавлда әйел адам көлік соққысынан кейін қайтыс болды
30 наурыз күні Петропавлда “Ауди” автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі 43 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
СҚО ПД мәліметінше, жүргізуші ЖКО орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай оны полиция қызметкерлері тауып алды.
“Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды. Соққы салдарынан әйел адам оқиға орнында жан тапсырды. Қазіргі уақытта қозғалған іске қатысты барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті шаралар жүргізілуде, олардың қорытындысы бойынша заңды процестік шешім қабылданатын болады”, – делінген полиция хабарламасында.