Петропавлда академиялық адалдық қағидатын бұзған университет студенті оқудан шығарылды
2023 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті студенті академиялық адалдық қағидатын бұзғаны үшін оқудан шығарылды. Енді ол оқуын жалғастыра алмайды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Университет еліміздегі жоғары оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып штатқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицерлерін енгізді, олардың күш-жігерімен өткен жылы ғана академиялық адалдықтың жүзден астам бұзылуы анықталды.
Атап айтқанда, ЖОО-да қолданыстағы заңнама нормаларының, оның ішінде жемқорлыққа қарсы, ішкі регламенттер мен мінез-құлық кодекстерінің бұзылуын болдырмауға, корпоративтік сектор арасында парасатты ортаны қалыптастыруға, тәуекелдерді басқаруға, яғни комплаенс бақылауға бағытталған шаралар жүйесі енгізілді.